Жақында әлеуметтік желіде көлікке байланған итті көшеде сүйреп бара жатқан видео таралды. Жүргізушінің бұл әрекеті құқықбұзушылық ретінде қарастырылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.
Полиция ер адам 18 қазанда үйінің жанынан бейтаныс иттің мәйітін тауып алғанын хабарлады. Одан тіршілік белгілері байқалмаған, аузынан көбік шығып жатқан.
"Ит жұқпалы аурумен ауырған болуы мүмкін деп оған жақындамай, көлігіне байлап, қаладан алып шығып, мәйітін көміп тастаған", - делінген хабарламада.