16 қаң, 2021 сағат 11:50

Оралда гараждағы өрттен әйел адам көз жұмды

Оралда гараж өртеніп, әйел адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 15 қаңтар күні сағат 23.15-те М.Шолохов көшесі, 50/1-мекенжайында болды.

«Победа» гараж кооперативінде аумағы 40 шаршы метрді қамтыған гараж отқа оранған. Өрт орнынан әйел адамның мүрдесі табылды.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 12 адам, 4 техника жұмылдырылып, сағат 00.43-те толық сөндірілді.

Оқиға орнында Орал қаласы ТЖ басқармасы қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметінің өртті зерттеу зертханасы жұмыс істеді.

Өрттің себебі мен кінәлілерді анықтау үшін материал полицияға тапсырылды.