13 нау, 2025 сағат 11:02

Оралда еріген қар суы жолды басып қалды


© Photo : МЧС Казахстана


2025 жылдың 12 наурызынан 13 наурызға қараған түні Оралда еріген қар суы қалаішілік жолды басып қалды. Оқиға орнына жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшесі жөнелтілді, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


"Сарыарқа" шағын ауданында қалың қар еріп, қала ішіндегі автожолдың ойпатты бөлігіне су жиналған. Осының салдарынан екі шағын ауданды байланыстыратын жолға еріген су жайылды.


"Көлік қозғалысы бұзылған жоқ және халық үшін қауіп жоқ. Жағдай бақылауда", - деп түсіндірді құтқарушылар.


Түні бойы мотопомпалар көмегімен су айдауды жүргізілді.