
Орал қаласында ер адам сегізінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 29 желтоқсан күні шамамен сағат 18.30-да Х.Есенжанов көшесі 20-мекенжайда болды.
Сегізінші қабаттан 58 жастағы ер адам секіріп кеткен. Ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай көз жұмды.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. ҚР ҚК 105-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
