08 жел, 2020 сағат 09:22

Оралда бір жасар қыз сүйек жұтып қойған

Оралда бір жасар қыз сүйек жұтып қойған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға кеше түс мезгілінде болды.

Тамақ ішіп жатқан кезде сүйек жұтып қойған бір жасар қыз облыстық көпбейінді ауруханасына түскен. Дәрігерлер екі сағат бойы арпалысып, сүйекті әрең дегенде қыздың тыныс жолдарынан алып шықты. 

Қазір сәби қыз жансақтау бөлімінде. Оны облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ауыстыру мәселесі шешілуде.