Оралда бес жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиғаның Д.Қонаев шағынауданында 9-қабатты үйде болғаны жөнінде бүгін сағат 13.20-да ақпарат түскен.
Тоғызыншы қабаттағы терезеден құлап кеткен 2015 жылғы бала сол жерде жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, бала ата-анасының қарауынсыз қалған.