21 қаң, 2021 сағат 10:45

Оралда аязға байланысты екінші ауысымда бастауыш сыныптар қашықтан оқиды

Орал қаласында аязға байланысты екінші ауысымда 1-4 сынып оқушылары қашықтан білім алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО гидрометеорология орталығы мәлім еткеніндей, жергілікті сағат 11.25-те температура 26 градус аязды көрсетті.

Бүгін түске дейін қатты аязға байланысты қалада бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары қашықтан білім алуға көшкен еді. Таңғы сағат 07.00-де Оралда 28 градус аяз болды.