
Қатты аязға байланысты Орал қаласында 1-4 сыныптарда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО ТЖ департаменті мәлім еткеніндей, таңмен сағат 07.00-де температура тілі 26,9 градусты көрсетті.
Осыған байланысты бірінші ауысымда 1-4 сыныптарда сабақ тоқтатылды. Бастауыш сынып оқушылары бүгін түске дейін қашықтан білім алады.
Биыл желтоқсан айында осымен Оралда екінші рет аязға байланысты бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылып отыр.
