03 жел, 2020 сағат 06:06

Оралда аязға байланысты бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылды

Оралда қатты аязға байланысты бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ауа температурасы 25 градус аязды көрсетті. 

Осыған байланысты 1-4 сыныптарда сабақ болмайды.

БҚО ТЖ департаменті осыған орай тұрғындарға хабарлама жіберді.