04 там, 2020 сағат 09:30

Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға 3 тамыз күні кешкісін сағат 21.00 шамасында Пугачев пен Исатай-Махамбет көшелерінің қиылысында болды.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, №2 бағытта жүретін автобус пен ВАЗ-2110 автокөлігі түйіскен.

Соның салдарынан жеңіл көлікте отырған екі адам ауыр жарақат алып, біреуі ауруханада көз жұмды. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, қазіргі кезде жай-жапсары анықталып жатқанын жеткізді.