24 ақп, 2022 сағат 12:00

Оралда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 19 жастағы қыз ұсталды


Оралда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған 19 жастағы қыз ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, одан құрамында есірткі бар препараттар тәркіленді. 

Қазіргі кезде тергеу облыс аумағына синтетикалық есірткілерді жеткізу арналарын анықтау үстінде. 

«Есірткіні заңсыз тарату дерегі бойынша 2003 жылғы қыз қолға түсті. Тінту іс-шаралары кезінде ұсталған күдіктінің орнынан жалпы салмағы 4,37 грамм 6 пакетке және салмағы 26,92 грамм 40 пакетке салынған заттар алынды. Сарапшы қорытындысына сәйкес бұл синтетикалық есірткі – мефедрон болып шықты. Алынған заттар мөлшері аса ірі көлемде ретінде айқындалды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігіне (есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады», деп хабарлады ведомстводан.