Фото: БҚО әкімдігі
2025 жылғы 5 сәуірде Орал қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы орталық алаңда ел тарихында алғаш рет арқан тартыстан Қазақстан Республикасының жаңа рекорды тіркелді, деп хабарлайды Ult.kz.
Аталмыш шарада 200 адам бір мезетте арқан тартып, ұлттық спорттың мәртебесін көтеріп, елді ерекше рухқа бөледі.
Жарысқа екі команда — “Жайық” және “Еділ” қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қызықты да тартысты сайыс нәтижесінде “Жайық” командасы жеңіске жетті.
Аталған жетістік ресми түрде тіркеліп, Орал қаласы арқан тартыс бойынша Қазақстанның рекордтар кітабына енді.