Оралда 68 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 қыркүйек күні таңмен Әбілқайыр хан даңғылы бойында орын алды.
Сағат 09.13-те ер адамның денесі табылғаны жөнінде хабар түскен.
Полиция қызметкерлері оның 1953 жылғы тұрғын екендігін анықтады.
Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.