Оралда 6 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 17 қазан күні сағат 19.10-да Өте Мусин көшесі №3-мекенжайында болды.
Барак типтес алты пәтерлік ағаш тұрғын үй отқа оранды.
Өрттің аумағы 250 шаршы метрді құрады.
«Тілсіз жау» ТЖ департаментінің күшімен (26 қызметкер, 11 техника) сағат 21.30-да оқшауланып, 22.46-да сөндірілді.
Сондай-ақ бұдан бір күн бұрын, 16 қазан күні сағат 20.30-да Бәйтерек ауданы Асан ауылы Мирный көшесі 24-мекенжайда екі қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан гараж бен монша, ас үй мен жуыну бөлмесі жанды. Жалпы ауданы – 140 шаршы метр.
Өрт сағат 21.28-де оқшауланып, 21.48-де сөндірілді.
Екі оқиғадан да зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі кезде өрттердің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.