03 қыр, 2024 сағат 11:27

Оралда 39 рет жол ережесін бұзған жүргізушіге 1 млн теңге айыппұл салынды

Фото: БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Орал қаласында полиция қызметкерлері жол ережесін үш күн ішінде 39 рет бұзған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, облыс аумағында жол ережесін бұзушылықты анықтау мақсатында «SuncarSmartQorgau» жүйесі кеңінен қолданылады.

«Аталмыш жүйенің көмегімен Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі анықталып, қолға түсті. Ол қала аумағында үш күнде 39 рет жылдамдық режимін арттырған. Айыппұлдың жалпы сомасы — 1 млн теңге. Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Тексеру кезінде көліктің техникалық талаптарға сай еместігі және өзге де жол ережесін бұзу фактілері белгілі болды», - деп хабарлады ведомстводан.