20 нау, 2023 сағат 15:32

Оралда 22 жастағы қыз 9-қабаттан құлап, қаза тапты

Фото: pixabay.com

Оралда 22 жастағы қыз 9-қабаттан құлап, қаза тапты. Оқиға 17 наурызда болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД". 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жедел жәрдем станциясына сағат 13:17-де хабарлама түскен.

Зардап шеккен адам алған жарақаттарынан дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.

БҚО Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Суицидке жеткізу" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.