Орал қаласындағы №3 орта мектепте оқыс оқиғаға қатысты жеке тергеу жүргізіліп жатыр. Сыныптардың бірінде кварц шамы қосулы болған, нәтижесінде он оқушы медициналық мекеме көмегіне жүгінген. Балалардың көзі күйіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
№3 орта мектеп директоры Любовь Юшинаның айтуынша, 4 қыркүйекте алтыншы сынып оқушылары кварц шамы қосулы қалған сыныпта сабақ оқыған. Балалар көзі ашып, ауырғанын айтып шағымданған.
"Қазіргі уақытта бұл оқиға тексеріліп жатыр. Барлық мән-жай тексеріледі. Педагогикалық ұжымның, медицина қызметкерлерінің, мектеп директорының орынбасары мен мектеп директорының қызметі тексеріледі. Өкінішке қарай, бес минут ішінде оқушылар мұғалім назарынан тыс қалған. Олар үзіліс кезінде шамды өздері қосқан болуы мүмкін", - деді Любовь Юшина.