Орал маңындағы орманда белгісіз әйелдің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазір полицейлер марқұмның жеке басын анықтап жатыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті мәлім етті.
"15 қыркүйекте күндізгі сағат екі шамасында Ветелки ауылының маңындағы орманда әйелдің мәйіті табылды. Әйелдің жеке басы мен өлімінің себептерін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ның 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу басталды", - деді баспасөз қызметіндегілер.