Орал қаласының бір бөлігі тағы да сусыз қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 12 тамыз күні сағат 12.30-да Еуразия даңғылы, 64 мекенжайы маңында кәріз коллекторы жарылды.
Қазіргі кезде апаттың себебі анықталу үстінде.
Апатқа байланысты бүгін сағат 07.00-ден бастап теміржол вокзалынан Н.Назарбаев даңғылымен Сарайшық көшесіне дейін, одан 2-база ауданына дейін (5194 абонент) су беру тоқтатылды.
Оқиға орнында «Батыс су арнасы» ЖШС-ның бригадасы (12 қызметкер, 3 техника) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, су Зачаган кентінде де жоқ.
Айта кетейік, Орал қаласында ауызсу проблемасы көптен бері туындап келеді.