07 ақп, 2024 сағат 12:36

Орал қаласындағы «Аяз» сауда үйінен өрт шықты


Фото: БҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Орал қаласында «Аяз»» сауда үйі өртенді. Оқиға 7 ақпан күні Құрманғазы көшесі 127/1-мекенжайында болды, деп хабарлайды БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

«Сағат 07.05-те бір қабатты «Аяз» сауда үйінде аумағы 30 шаршы метр материалдық заттар, төбе жақтаулары отқа оранды. Сондай-ақ аумағы 10 шаршы метр ішінара шатыр ішін жалын шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» сағат 08.04-те оқшауланып, 09.40-та ауыздықталды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 46 адам, 15 техника, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығынан 3 адам, 1 техника атсалысты. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде. Аталмыш сауда үйінің жалпы ауданы – шамамен 800 шаршы метр», деп хабарлады ведомстводан.