01 шіл, 2021 сағат 19:24

Орал қаласында құбыр жарылып, 350-ге жуық абонент сусыз қалды


Орал қаласында құбыр жарылып, 350- ге жуық абонент сусыз қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Батыс су арнасы» ЖШС мәлім еткеніндей, 30 маусым күні сағат 20.00-де Ш.Айталиев пен Алматы көшелерінің қиылысында су құбыры жарылды.

Құдықтар мен жеке тұрғын үйлердің аулаларынан су сорғызылды.

«Қазіргі таңда 350-ге жуық абонент сусыз қалып отыр. Тұрғындарға су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Шамамен 1 шілде күні сағат 22.00-ге дейін жүргізілетін өндеу жұмыстарына апаттық техника, экскаватор, вакуумдық машина, МТЗ-82 базасында сорғы тартылған», деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі. 

Батыс Қазақстанда күн қатты ысып кеткендіктен, сусыз қалу тұрғындарға оңай тиіп отырған жоқ.