Орал қаласы маңында орман алқабы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 қазан күні сағат 17.51-де 1-саяжай ауданында болды.
Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағында 7 гектар құрғақ шөп және 8 гектар орман алқабы (қайың, қараағаш) отқа оранды.
Жел екпіні (секундына 8-10 метр) өртті сөндіруді қиындата түсуде.
Өрт сағат 19.11-де оқшауланды.
«Тілсіз жауды» ауыздықтауға ТЖ департаменті (35 қызметкер, 7 техника), орман шаруашылығы мекемесі (5 қызметкер, 1 техника) жұмылдырылды.
Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.