Орал әкімі Абат Шыныбеков қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды "Мой город".
"Барлық салықты алып тастағанда, мен айына 387 мың теңге көлемінде жалақы аламын", - дейді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар, Абат Шыныбеков кредиті де бар екенін атап өтті. Алайда ол орынбасарлары айына қанша жалақы алатынын айтқан жоқ.