06 нау, 2020 сағат 13:28

Оңтүстік Кореядан келген 10 адам ауруханаға жатқызылды

Оңтүстік Кореядан келген 10 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанға бүгінге дейін 1 млн 736 мың 462 адам келді. Еуразиялық экономикалық одақтан 992 623 адам кірді. Қытайдан 6 қаңтар мен 5 наурыз аралығында 33 124 адам келді», - деді ол.

Оның айтуынша, 20 ақпан мен 6 наурыз аралығында провизиялық стационарларға 1 «А» санатындағы елдерден, яғни Қытайдан 366 адам, 81 - Қазақстан азаматы, Ираннан - 59, 42 - Қазақстан азаматы, Кореядан - 312, оның ішінде 265 қазақстандық жатқызылды.

«ЖРВИ және тұмау белгілерімен 10 адам ауруханаға жатқызылды. Барлығы Кореядан келген. Зертханалық тексеруден 63 адам өтті. Сараптамалары жақсы, вирус анықталған жоқ. 

1 «Б» санаты бойынша 6 наурызда үй каратиніне 192 адам жатқызылды. Оның 114-і - Қазақстан азаматтары. ЖРВИ белгілерімен 7 адам стационарға жатқызылды. Олардың 4-еуі - италиялық, екеуі Мальтадан және біреуі Жапониядан келген болатын«, - деді Диас Ахметшәріп.