Корея Республикасында оппозиция партиясының кандидаты Юн Сок Ёл президенттік сайлауда жеңіске жетті. Бұл туралы бейсенбі күні Кореяның Орталық сайлау комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Юн Сок Ёль 48,56% дауыс жинады, ал оның негізгі қарсыласы биліктегі «Тобуро» демократия партиясының кандидаты Ли Чжэ Мён 47,83 % дауыс жинап, жеңіске жете алмай қалды. Президенттік жарыста үшінші болған Сим Сан Чжон сайлаушылардың 2,37% дауысын жинаған.
Ұлттық жиналыста сөз сөйлеген жаңа президент өзінің негізгі мақсатының ел азаматтарының бірлігін нығайту екенін атап айтып, жақтастарына алғыс білдірді. Юн Сок Ёль оппозициямен бірге халыққа қызмет ететінін жеткізді. Ол өзінің жеңісін «ұлы адамдардың жеңісі» деп атады.