Бүгінде барлық білім алушылар қашықтан онлайн оқып жатқаны белгілі. Осы орайда интернет мәселелері де шыға келді. Кемшіліктердің алдын алу үшін Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхамед қашықтан оқып жатқан білім алушыларды тегін интернетпен қамтамасыз етуді талап етті, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Bilimland.kz, Daryn.online және Kundelik.kz негізгі білім беру платформаларының жұмыс істеу жылдамдығы төмен деп сынға алған сенат депутаты оларды негізгі білім беру платформалары екенін атап өтті.
«Онлайн оқу ешкімге де оңай тиіп жатқан жоқ. Мұғалім де, оқушы да, ата-ана да көптеген қиындықтарға тап болып жатыр. Біз әлі де қашықтан оқуға толық дайын бола алмай жатырмыз. Алматы қаласында оқудың бірінші күні-ақ Bilimland платформасына 70 мыңнан астам қолданушы қосылған сәтте, жүйе істен шықты. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс операторымен бірлесіп іске қосқан «Білім» тарифі де белгілі бір сұрақтар туындатып отыр. Әлі де шешілуі тиіс мәселелер өте көп сияқты», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Бүгінгі таңда білім берушілер мен білім алушыларға арналған «Білім» тарифімен қазақстандық білім ресурстарына ғана шексіз кіруге болады. Ал шетелдік білім беру ресурстарына кіруге мүмкіндік беретін ай сайынғы 1 Гб қосымша интернет-трафик жеткіліксіз. Мәселен, видеобайланыстың стандартты сапасы кезінде және оған үш немесе одан да көп адам қатысатын болса, Zoom қосымшасы сағатына 810 Мегабайтты талап етеді. Ал гигабайт 1000 мегабайтқа тең.
«Қолданушылар осы лимиттен тыс интернет-трафикті өз қалтасынан төлеуге мәжбүр. Оқушылардың ата-аналары тариф аясында трафиктің көлемін ұлғайтуды сұрап отыр. Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларды тегін интернетпен қамтамасыз ету азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға конституциялық кепілдіктеріне байланысты негізделген болып табылады», - деді Құл-Мұхаммед.
Сенатор қазіргі таңда Bilimland.kz, Daryn.online және Kundelik.kz негізгі білім беру платформалары екенін атап өтті. Әр мектеп қандай платформаны қолданатынын өзі шешеді.
Естеріңізге сала кетейік, Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхамед қашықтан оқып жатқан білім алушыларды тегін интернетпен қамтамасыз етуді талап етті. Bilimland.kz, Daryn.online және Kundelik.kz негізгі білім беру платформаларының жұмыс істеу жылдамдығы төмен деп сынға алған сенат депутаты оларды негізгі білім беру платформалары екенін атап өтті. Қазіргі таңда онлайн оқуға байланысты білім алушылар мен білім берушілеорге арналған Білім тарифы жұмыс істеп жатыр.