28 ақп, 2025 сағат 15:17

Өнеркәсіп және құрылыс министрі тағайындалды

Фото: Ktze.kz

Өнеркәсіп және құрылыс экс-министрі Қанат Шарлапаевтың орнына Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев келді, деп хабарлайды Ult.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. 


Айта кетейік, Қанат Шарлапаев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалған болатын.