27 нау, 2024 сағат 16:45

Өнеркәсіп және құрылыс министрі: Қазақстанда утилизациялық алым төмендемейді

© Sputnik / Санат Имангалиев

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстанда утилизациялық алым төмендемейтінін мәлімдеді деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

"Қазір утилизациялық алым бойынша ешқандай өзгеріс жасамаймыз. Қазір мен Өнеркәсіп және құрылыс министрімін. Менің ең басты жұмысым – кәсіпорындарды дамыту, олардың қуаттылығын арттыру. Қазір Қазақстанда автозауыт салып жатырмыз. Онда қаншама адам жұмыс істейді. Оны ешкім ескеріп жатқан жоқ. Барлық текетірес неге байланысты? Екі зауыт салынып жатыр. Киа зауыты 2025 жылдың ортасында аяқталады. Екінші зауыт Алматы облысында салынады. Онда 90 мың көлік шығарылады. Жұмыс орындарын кім сақтайды? Мен депутаттарға осы сұрақты қойғым келеді", – дейді министр Шарлапаев.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қазақстанда жұмыс орындарын сақтап қалу үшін протекционизм қажет екенін айтады. Оның пікірінше елде автокөліктердің бағасы басқа елдерден сәл жоғары немесе тең.