19 қар, 2021 сағат 16:31

Өмірзақ Шөкеев Сауран ауданын құрылу себебін айтты


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңадан құрылған Сауран ауданы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірде Сауран ауданы жаңадан құрылған еді. Ондағы тұрғындар мен қызметкерлер қандай мәселелерге тап болды?», - деп сұрақ қойды тілшілер Орталық коммуникациялар қызметінде. 

«Шынында да, Үкімет және Президент Түркістан облысында жаңа аудан құру туралы шешім қабылдады. Бұл өте негізді. Себебі Түркістан облысын құруда Түркістан қаласының барлық іргелес ауылдық округтері Кентау қаласына берілді. Кентау да қиын жағдайға тап болды – не қала, не ауыл, не аудан орталығы екені түсініксіз болды. Ауылдық округтер аудан орталығынан өте алыс орналасқан. Көптеген қолайсыздықтар болды. Оған қоса, үлкен ауылдарда мысалы, 12 мың тұрғыны бар Шорнақта іс жүзінде билік құрылымдары болмады. 12 мың тұрғынға берілген бір учаскелік инспектор мәселені шеше алмайтын еді. Сондықтан жанжалды оқиғалар болғанын білесіздер. Қазір аудан жаңадан қалыптасуда. Шешім қабылданғаннан бері жеті ай өтті. Аудан әкімдігі толықтай жұмыс істеуде. Қазір бұл ауданда 35 елді мекен бар. Шорнақ аудан орталығы бойынша дамытудың бас жоспары әзірленді. Әкімшілік орталық салу үшін кент ішінде 38 гектар жер бөлінді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қаражат облыстық бюджет арқылы бөлінеді. Келесі жылы үлкен құрылыс жұмыстары болады. Жалпы, тұрғындар үшін бұл өте ыңғайлы болды», - деп жауап берді Ө. Шөкеев.