07 жел, 2021 сағат 02:49

Омикрон штамы жануарлар арасында мутацияланып, адамдарға жұғуы мүмкін – сарапшы


Коронавирустың жаңа «омикрон» штамы жануарлар арасында мутацияға ұшырап, одан кейін барып адамдарға жұққан болуы мүмкін. Бұған жаңа штамның ерекшеліктері куә. Мұндай пікірді ДНКОМ молекулалық-генетикалық зерттеулер ғылыми орталығының негізін қалаушысы мен бас директоры Андрей Исаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Омикрон» штамын бірінші болып таратқан науқастың иммун тапшылығы бар екенін, созылмалы АИТВ инфекциясымен ауыратынын білеміз. Сонымен қатар науқас ковидтың созылмалы түрімен ауырған. COVID-19 оның ағзасында мутацияланған болуы мүмкін. Алайда менің теориям кішкене басқаша. Біз ірі мысықтар, бұғы мен қаракүзеннің әртүрлі түрлері сияқты сүтқоректілердің коронавируспен ауыратынын білеміз. Оңтүстік Африкада адамдар жануарлармен тығыз байланыста. COVID-19 ірі сүтқоректілерге өтіп, олардың ағзасында эволюцияға ұшырайды деп ойлаймын. Себебі вирустың түраралық ауысуы кезінде ақуыздар комбинаторикасында өзгеше айырмашылықтар болып, генетикалық түрлілік қалыптасады», - деді Исаев. 

Оның ойынша, аталған штамм табылған науқас қате анықталған болуы мүмкін. «Ғалымдар «нөлдік науқас» ретінде иммун тапшылығы бар адамды тіркеген, оның бұрыс анықталған болуы мүмкін. Науқас жергілікті аңшы, оңтүстік африкалық рейнджер, саваннаға кететін, қорықта жұмыс істейтін адамнан жұқтырған болуы ықтимал», - деп түсіндірді ол.