04 қаз, 2025 сағат 12:15

Омбы–Майқапшағай трассасында жол апатынан 4 адам көз жұмды


Фото: Абай облысы ПД


Омбы–Майқапшағай трассасында бірнеше адам көз жұмған жол апаты болды. Бұл туралы Абай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. 


3 қазан күні Омбы–Майқапшағай трассасында бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді. 


Қайғылы жағдайлардың себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу: қарсы жолаққа шығу және тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылу.


Апат салдарынан төрт адам қаза тапты.


Абай облысының Полиция департаменті барлық жүргізушіге рульге отырған әр сәтте аса мұқият болуды ескертеді.