14 нау, 2022 сағат 13:28

Омарова: Президент өзінің батыл әрекетімен мемлекетті сақтап қалды


Қаңтар оқиғасындағы оқиғалардың бәрі билікті күшпен басып алу мақсатымен ұйымдастырылған. Құқық қорғаушы Айман Омарова Мәжілістің жалпы отырысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаңтар күндерінде не болғанын бәрі білгісі келеді. Бұл бейбіт митингілер болды ма, әлде билікті күшпен басып алу әрекеті болды ма? Қаңтар оқиғаларының негізі билікті күшпен тартып алу әрекеті болғаны күмәнсіз деп топшылаймыз. Қылмыстық құқық бұзу фактілерінің бәрі осы басты мақсатқа қол жеткізудің тәсілі болған. Билікті күшпен басып алудың Қылмыстық кодекстің 179-бабының 2) бөлігінде мынандай диспозициясы бар. «Билікті күшпен басып аулға бағытталған әрекеттер немесе билікті күшпен ұстап тұру әрекеттері – Қазақстан Конституциясын бұзу немесе Қазақстан Республикасыны конституциялық құрылымын күшпен бұзу» - деді заңгер. 

Сондай-ақ, оқиғаны тұрақтандыруда Президенттің рөлі қандай болғанын атап өтті. 

«Бұл хаосты Президент қана өзінің әрекетімен тоқтатып, мемлекеттік сақтап қала алды. Мұны айту керек», - деді Айман Омарова.