14 қар, 2021 сағат 21:32

Өлімші етіп сабаған. Қостанай облысының полицейлері қызғаныштан болған кісі өлімін тексеріп жатыр


Қостанай облысының полицейлері қызғаныштан болған кісі өлімін тергеп жатыр. Бұл туралы өңірлік ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Alau.kz сайтына сілтеме жасап.

"Тобыл қаласы Набережная көшесінде ер адам қызғаныштан туындаған жанжал кезінде 54 жастағы ер адамды соққыға жыққан. Нәтижесінде жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды", - делінген полиция хабарламасында.

Бұл дерекке қатысты ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.