10 қыр, 2019 сағат 12:41

Оқушылар үшін шкаф алуға қосымша қаржы бөлуді сұрап отырмыз – министр

Оқушылар шкафы Білім және ғылым министрлігінің бюджетімен шешілсе, бір-ақ күнде шешетін едік. Мұндай пікірді бүін Үкімет отырысынан кейін ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Егер барлығы да бұйрықтар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер арқылы жүзеге асырылатын болса, онда әрине жағдай мүлдем басқаша болар еді. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын жергілікті атқарушы органдарға ауылға арналған субұрқаққа, оқушылардың оқулықтарын, ауыстырып киетін аяқ киімін, басқа да заттарын қалдырып келетін шкафтарға ақша қарастыруды өтінген едік. Қазіргі уақытта бұл процесс айтарлықтай қарқынды жүргізіліп жатыр. Дегенмен, бұл проблема 100 пайыз шешілді деп айта алмаймыз», - деді министр.

Оның атап өтуінше, министрлік жергілікті атқарушы органдардан келесі жылғы бюджетте оқушыларға арналған шкафтар орнатуға қосымша ақша қарастыруды өтініп отыр.

«Шындығында да бұл өте маңызды мәселе. Жалпы, шкаф мәселесін бір министрліктің бюджетімен шешуге болатын болса,  әрине оны біз бір күннің ішінде шешетін едік. Бұл кешенді мәселе», - деді Асхат Аймағамбетов.