09 там, 2017 сағат 17:52

Оқушылар Қазақстанның болашағын дамытуға өз үлестерін қосты

Ұлттық экономика министрлігінде «Мен және менің Қазақстаным 2025 жылы» тақырыбындағы 5-9 сынып оқушылары арасындағы жалпыреспубликалық эссе-шығарма жазудан жеңімпаздар марапатталды. ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтып өткендей, шығармадың қызықты үзінділері 2025 жылға дейінгі Қазақстан дамуының Стратегиялық жоспарында жарияланады.

Конкурсқа елдің барлық өңірлерінен қазақ, ағылшын және орыс тілінде жазылған 100 эссе келіп түсті. Нәтижесінде 27 озық жұмыс іріктеліп алынды. Сонымен бірге мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болып, Ұлттық экономика министрлігінің басшылығынан алғыс хаттар мен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін аралауға билеттер алды және дю Солей Циркі көрінісін тамашалайды. Қалған 17 финалға қатысушы ескерткіш грамоталарға ие болды.

«Неғұрлым қызықты шығармалардан үзінділер Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында жарияланады. Қазіргі уақытта сарапшылық және бизнес-қоғамдастығы өкілдерін тарту арқылы аталған құжатты әзірлеу жүргізіліп жатыр», - деді министр.

Жеңімпаздардың бірі  елордалық №82 «Дарын» лицейінің  9-сынып оқушысы  Дана Оспанова эссені қалай жазғандығы туралы айтып, болашақта не мазалайтынын баяндады.

« Мен  «Мен және менің Қазақстаным 2025 жылы» тақырыбында эссе жаздым. Өз шығармамда мен Қазақстан туралы көзқарасымды, ойымды білдірдім. Оны жазбас бұрын отбасыммен ақылдасып,  экология, медицина, білім беру  сынды салаларды талқыладық.  Бізде өз жоспарларымызды жүзеге асырудың мүмкіндігі мол. Мәселен, экологияны алатын  болсақ,  күн, жел  және ұлы дала бар, біз күн энергиясын, жел энергиясын қолдана аламыз», - деді Д.Оспанова.

Мектеп оқушыларының эссе конкурсы 2 тур бойынша өткізілді: өңірлік және республикалық. Екінші турға өткен жұмыстарды арнайы комиссия логикалық және көркемдік пайымдауы, бағалау және тұжырымының дәйектілігі, идеялары мен ойын жеткізудің сонылығы, сезімділігі мен шынайылығы, дәлелділігі мен мазмұндылығы секілді өлшемдер бойынша бағалады. Финалға шыққан оқушылар өз жұмыстарында тарихи дәлелдерге және жеке дүниетанымына сүйене отырып, ел дамуын өзінше пайымдауларымен бөлісті.  

strategy2050.kz