Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева соңғы бес аптада коронавирусқа шалдыққандар бойынша статистикалық мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«5 апта бойы өзі ауруханаға жүгінген және үйде байланыста болған науқастар санының артуы сақталып отыр, бұл қала тұрғындарының алдын алу шараларын сақтамағанын білдіреді.
Мәселен, соңғы 5 аптада тіркелгендердің 38 пайызы медициналық көмекке жүгінген кезде анықталды, 35 пайызы (213 жағдай) науқастармен байланыс бойынша зертханалық тексеру кезінде, 27 пайызы (160 жағдай) профилактикалық тексеру кезінде анықталды. Байланыс жағдайларының арасында үй ошақтарында инфекция басым болады және стационардағы жұмыс бойынша 8 пайыз», - деді Ж. Пірәлиева онлайн режимде өткен коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары бойынша баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, 45 оқушы індет жұқтырды, соның ішінде 37-сі қашықтан білім алып жатқандар. Сонымен қатар, 12 студент (қашықтықтан білім алуда), басқа салаларда жұмыс істейтін 290 (оның ішінде 121-і қашықтан) адам, жұмыс істемейтін 164 тұрғын, зейнеткерлер санатындағы 78 адам ауруға шалдыққан.
«Оқу жылының басынан бері барлығы 47 оқушы ауырып қалды, оның 39-ы қашықтан білім алып жатқандар. Байланыста болғандар арасында КВИ жоқ», - деді Ж. Пірәлиева.