Фото: ҚР ОАМ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Алматы қаласындағы Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жабылады деген ақпараттың шынайылыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.
Министрлік орталықты жабу туралы ешқандай шешім қабылданбағанын және ондай жоспардың жоқ екенін хабарлады.
Қазіргі уақытта орталық қолданыстағы Жарғыға сәйкес толық көлемде жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар, арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы үйлестірушілік, ғылыми және әдістемелік міндеттері одан әрі нығайтылуда.
Жаңғырту аясында материалдық-техникалық базаны күшейту, сондай-ақ ғимаратты күрделі жөндеуге дайындау жұмыстары қолға алынған.
Барлық өзгерістер – мамандар мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар және олардың ата-аналары үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Министрлік қоғамды және бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми әрі расталған дереккөздерге сүйенуге шақырды.
