06 там, 2016 сағат 11:40

Обама: Таяу Шығыста жиһадшылар күші әлсіреді, бірақ қауіп сейілген жоқ

АҚШ президенті Барак Обама жұма күні "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы әлсіреді, бірақ әлі де қауіп төндіреді деп мәлімдеді. Бұл жөнінде ВВС-ге сілтеме жасап, centralasian.org хабарлайды.

Обаманың сөздерінше, Иран және Сириядағы жиһадшыларға қарсы әскери кампания "Ислам мемлекеті" террористік ұйымын әлсіреткен. Бірақ соған қарамастан, олар Еуропа елдеріне шабуылдар жасап келеді. Президент исламшылармен күресті "өркениеттердің қақтығысы" деп атауға келмейтінін айтады. Ол экстремистер "ислам негіздерін бұрмалап келеді" деді.

Обама жақын күндері жиһадшылар Сирияның Ракка қаласы, Ирактың Мосул қаласына бақылауларын жоғалтады деп есептейді. Сәуір айында президент Ислам мемлекеті ұйымы Таяу Шығыста позициясын жоғалтып, тек қорғануға көшті деп мәлімдеген болатын.