11 қар, 2016 сағат 13:41

Обама мен Трамп Ақ үйде кездесу өткізді

АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама мен сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамп Ақ үйде кездесу өткізіп, президенттік өкілеттікті тапсыру мәселесін талқылады.

Бастапқыда 15 минут өтеді деп жоспарланған басқосу бір жарым сағатқа созылды.

«Дональд Трамптың командамның атқарып жатқан жұмысына қызығушылық танытуы мені қуантады. Қай партия құрамында болсақ та, қандай саяси көзқарасты ұстансақ та, еліміздің алдында тұрған қиындықтарды жұмыла көтеруіміз керек», - деді Б.Обама.

«Барак Обама маған жетістіктері мен түйіні тарқамай тұрған қиындықтар туралы айтып берді. Оның кеңесіне міндетті түрде құлақ асамын. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта да осындай кездесулеріміз көп болады деп ойлаймын», - дейді Трамп.