Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесіп, елдің ұлттық мерекесі - Ресей күнімен құттықтады.
Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Федерациясының президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді.