Елбасы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш Президентінің ресми сайты.
Тараптар бір-бірін келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.
Түркия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен толағай табыс, Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тіледі.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия қатынастарының жоғары деңгейі мен екіжақты ынтымақтастықты дамытудың зор мүмкіндіктерін атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.