31 қаң, 2019 сағат 17:44

Нұрсұлтан Назарбаев еттен бас тартпауға кеңес берді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сымбатты дене бітімі үшін қандай диета ұстану керектігі жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мемлекет басшысының кеңес берген бейнеролигін ҚР Президенті Телерадиокешені Фейсбукте жариялады.

«Қазір арықтағысы келіп жүрген адам көп. Тіпті арық адамдардың өзі де арықтай түссем дейді. Олар түрлі диеталар ұстанады: ет жеу зиян дейді, майды тіпті жолатпайды. Біз қазақпыз ғой, етсіз қалай өмір сүреміз? (...)  Менің ұстанымым - адам ағзасы қалап тұрған тағамды жеуі керек», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Президент спортпен айналысу қажеттігін еске салды.

«Адам өзін-өзі күтуі керек.  Дені сау ұлт болуымыз қажет. Жастарымыздың да осыған ұмтылып жүргенін білемін. Арнайы диета ұстанбаймын», - деді Президент.