26 қаз, 2017 сағат 12:28

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжанға жұмыс сапарымен барады

Қазақстан Президенті 2017 жылғы 30 қазанда Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Баку-Тбилиси-Карс теміржол желісінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысуы жоспарланып отыр.