14 там, 2019 сағат 14:56

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевпен кездесті, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Кездесуде Е.Маржықпаев Елбасыға өңірді дамыту мен облыстағы әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті экологиялық қауіпсіздік пен ұлттық парктің табиғи ресурстарын қорғау мәселесіне назар аударды.

Бұдан бөлек Н.Назарбаев жұмыспен қамту мен өңір жастарын жұмыспен қамту жұмыстарына тоқталды.

Әңгіме барысында басты назар әлеуметтік және спорт инфрақұрылымын дамыту ісіне, сонымен қатар тұрғындардың кірістерін арттыру мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға көмек көрсету мәселесіне аударылды.

Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталған жобаларды дайындау мен енгізудің маңызды екендігін атап өтті.