26 қыр, 2023 сағат 16:35

Нұрлыхан Шархан - Азия ойындарының қола жүлдегері

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан Ханчжоуда өтіп жатқан 2022 жылғы Азия ойындарында қола медаль олжалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақ спортшысы үшінші орынға таласта Оңтүстік Корея өкілі Йон Хун Воннан басым түсті.

Айта кетейік, Қазақстан қоржынында әзірге сегіз медаль бар.

Бұған дейін дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен оқ ату командасы күміс медаль еншілеген. Сонымен қатар дзюдошылар Мағжан Шамшадин, Абылайхан Жұбаназар, Эсмигүл Куюлова, мерген – Никита Чирюкин, пневматикалық винтовкадан оқ ату бойынша Александра Ле мен Ислам Сатпаев қола жүлдені қанжығасына байлады.