Бүгін ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Шортанды кентінде сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды ЖСДП баспасөз қызметі.
Іс-шара барысында ол жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.
Қажетті инфрақұрылым жоқтығы секілді Қазақстанның бірқатар өңірлеріне тән мәселе Шортандыда да өзекті.
Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, жағдайды түзету үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту керек. Кандидат барлық деңгейлі депутаттарды бір мандаттық округтерден ғана сайлау қажет деп есептейді. Сол кезде ғана халық қалаулылары сайлауалды уәделерінде тұрып, жауапкершілікті сезінетін болады.
Оның сөзінше, билікте де өзгерістер орын алуы қажет. Қазақстан парламенттік-президенттік басқару үлгісіне өтуі тиіс. Бұл дегеніміз президенттің өкілеттіктері толықтай қайта қарастырылады.
Мемлекетті басқарудағы басты рөл парламентке тиесілі болуы керек. Заң шығарушы органды қайта жасақтау қажет. Депутаттардың 50%-ы партия тізімдері бойынша сайлануы қажет. Халық қалаулыларының тең жартысы бір мандаттық округтардан құралуы тиіс.