31 шіл, 2017 сағат 15:49

Нұрәлі Әлиев ҚР Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясын басқарады

Алматыда Қазақстан Республикасы Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясының кезекті конференциясы өтті. Онда жаңа президент және федерация президиумының жаңа құрамы сайланды. Федерация конфедерациясының шешімімен Нұрәлі Әлиев жаңа президент болып сайланды, деп хабарлады оның баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, федерация президиумының жаңа құрамы бекітілді: федерация қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б. Имашев,   вице-президент, бас хатшы    К. Валиев, бірінші  вице-президент Б. Жүніс, вице-президенттер С. Ысқақова, С. Беляков және В. Селиванов.

Конференция барысында федерацияның жаңа құрамы 2017-2020 жж арналған спорттық құзға шығу және альпинизмді дамыту бойынша жоспарды қабылдады. Федерация Қазақстанда тау туризмін дамытуға арналған International Mountain Sports Festival халықаралық фестивалінің аясында жаппай Жастар шыңына шығу шарасын ұйымдастырды. 4 147 метр биіктікті 230-ға жуық альпинист бағындырды. Олардың ішінде кәсіби альпинистер, спорттық қозғалыс басшылары, спорт ардагерлері, қарапайым әуесқойлар бар.  «Федерация бес жыл бойы жылына 3-4 рет жаппай тау шыңына шығу шарасын өткізеді. Соның арқасында қазақстандықтарды альпинизмге тартуда өсімнің оң серпіні байқалады», - деп атап өтті федерация вице-президенті Артем Скопин.