16 қыр, 2020 сағат 14:40

Нұр-Сұлтанның қай ауданында емхана салу қажет?

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қаланың қай ауданында емхана салу қажеттігі барын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Басқарманың мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында 1 миллион 182 мың адам емханаға тіркелген. 

«Учаскелердің саны - 716. Қаладағы әр дәрігерге 1700 адамнан айналады. Қалада мемлекеттік емханалардың саны - 15. Ал жеке емханалардың саны - 19. Жеке емханалар да тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет көрсетеді», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында тағы да емхана салу қажеттігі Интернациональный тұрғын кешенінде туындап отыр.