23 қыр, 2021 сағат 13:38

Нұр-Сұлтанда ұсталған ер адам полиция ғимаратынан қашпақ болған - видео


Нұр-Сұлтан қаласының 32 жастағы тұрғыны полиция ғимаратынан екінші қабаттағы терезе арқылы қашпақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиғаның видеосы бұрын әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрлардан ер адам Есіл ауданының елордалық полиция бөлімі ғимараты терезесінде салақтап тұрғанын көруге болады. Оның қолынан форма киген қызметкер ұстап тұр.

Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің баспасөз қызметі оқиға 22 қыркүйекте болғанын мәлім етті. 32 жастағы ер адам бұзақылық жасағаны үшін ұсталған. Ол полиция ғимаратынан терезе арқылы шығып кетуге тырысқан.

"Оның әрекетіне қызметкер бөгет болды, бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді құқық қорғау органдарының өкілдері.