11 жел, 2020 сағат 16:10

Нұр-Сұлтанда сауда ойын-сауық орталықтары жабыла ма?

Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Айгүл Шағалтаева елордадағы ірі ойын-сауық орталықтарының жұмысын шектеуге қатысты нақты шешім әлі шықпағанын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин шараларын күшейтуді көздейтін қаулы жобасы дайындалып жатыр. Бірақ ол қаулы әлі шықпады. Сол себепті ойын-сауық орталықтарының жұмысын жалғастыратыны немесе жалғастырмайтынына қатысты менде нақты жауап жоқ. Елордадағы халықтың немесе кәсіпкерлердің арасында қандай да бір дүрбелең туғызбауымыз керек», - деді ол «Астана – адалдық алаңының» Facebook парақшасында өткен баспасөз мәслихатында. 

Спикердің айтуынша, өткен аптадан бастап қана сенбіде ОСО-лар мен сауда үйлері жұмысын бастаған болатын. Осы демалыста бәлкім, талаптарды ескере отырып, олар жабылуы мүмкін. 

«Бірақ бұған қатысты нақты шешім қабылданбағанын атап өткім келеді» дейді Айгүл Шағалтаева.